КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осы орайда мектебімізде “Экология: демалысты – табысқа айналдырайық!” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты таза ұстау және пайдалы іспен айна

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осы орайда мектебімізде “Экология: демалысты – табысқа айналдырайық!” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты таза ұстау және пайдалы іспен айналысу арқылы демалысты тиімді өткізуге баулу.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, аумақты тазалау, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеуге болатын заттарды жинау сияқты жұмыстарға атсалысты. Әсіресе, пластик пен қағаз қалдықтарын жинап, оны қайта өңдеуге өткізу арқылы табиғатты қорғаумен қатар, оны табыс көзіне айналдыруға болатынын түсінді.
Бұл акция оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиеледі. Табиғатты қорғау – бүгіннен басталатын игі іс! Әрқайсымыз кішкентай қадамнан бастасақ, үлкен өзгеріске жол ашамыз. 🌿♻️
Записаться на прием