КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

Мектебіміздің жанашырына мың алғыс!

Previous Next

Мектебіміздің жанашырына мың алғыс!

Сырымбет орта мектебіне үнемі материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оқушылар мен ұстаздардың қолайлы ортада білім алуына жағдай жасауға атсалысып жүрген демеушілеріміздің орны бөлек.
Бүгін Астана қаласындағы Aqua life су тазарту компаниясының басшысы, жеке кәсіпкер Иманбаев Асқар Ерғалиұлы мектебімізге кезекті рет демеушілік көмек көрсетіп, заманауи қол кептіргіш (сушилка) құрылғыларын сыйға тартты. Мектеп ұжымы мен оқушылары үшін бұл өте қажетті әрі пайдалы сыйлық болды.
Асқар Ерғалиұлына мектебімізге әрдайым қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып келе жатқаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз! «Жомарттың қолы — ортақ» демекші, игі істеріңіз еселеніп қайтсын, кәсібіңізге береке, отбасыңызға амандық тілейміз!
Записаться на прием