Бүгін мектебімізде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында 9–11 сынып оқушылары арасында «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі мен мазмұнды талқылауы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикалық, тәрбиелік және психологиялық қолдау бағытында өткізілді. Киноталдау барысында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, зорлық-зомбылықтың, буллингтің, манипуляцияның, психологиялық қысымның және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, сынып жетекшілері, психологиялық-педагогикалық қызмет мамандары, сондай-ақ алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ата-аналар қауымдастығының өкілдері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қатысты.





