Мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсен Жібек және 8-сыныптың үздік оқушысы, білімге құштар Нұрбай Інжу жуырда Kokshe TV арнасының «Таңғы бағдарлама» студиясына арнайы барып, мазмұнды әрі әсерлі сұхбат беріп қайтты.Сұхбат барысында олар қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханұлының өмірі мен мұрасы туралы терең ой қозғап, оның ғылыми еңбектерінің бүгінгі қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, заманауи даму үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған жасанды интеллект тақырыбы да кеңінен сөз етіліп, білім мен технологияның тоғысқан тұстары көрерменге ой салатындай деңгейде жеткізілді.Әңгіме арқауы туған жерге де ойысып, Сырымбет ауылындағы тарихи орын – Айғаным қонысы, яғни Шоқанның балалық шағы өткен қасиетті мекен жайлы тағылымды деректермен толықты. Бұл – өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпір іспеттес әсер қалдырды.
Новости
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсен Жібек және 8-сыныптың үздік оқушысы, білімге құштар Нұрбай Інжу жуырда Kokshe TV арнасының «Таңғы бағдарлама» студиясына арнайы барып, мазмұнды әрі әсерлі сұхбат беріп қайтты.
Просмотров: 11
Осындай тағылымды кездесуде мектебіміздің абыройын асқақтатып, білім мен мәдениеттің биік үлгісін көрсеткен жас маман мен шәкіртке зор алғыс білдіреміз.
Жас маманға – шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалу мен шәкірт жүрегіне жол табар шабыт тілейміз!
Ал білімді де талапты оқушымызға – биік белестерді бағындырып, арман-мақсаттарына сеніммен жетуіне тілектеспіз!





