КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

12 сәуір – адамзат тарихындағы ерекше күндердің бірі. Бұл күні 1961 жылы адам баласы алғаш рет ғарышқа ұшып, жаңа дәуірдің басталуына жол ашты. Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесімен Жерді айналып өтіп, адамзаттың ғарышты игеру к

12 сәуір – адамзат тарихындағы ерекше күндердің бірі. Бұл күні 1961 жылы адам баласы алғаш рет ғарышқа ұшып, жаңа дәуірдің басталуына жол ашты. Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесімен Жерді айналып өтіп, адамзаттың ғарышты игеру кезеңін бастап берді. Осы тарихи оқиға құрметіне жыл сайын 12 сәуір – Ғарышкерлер күні ретінде атап өтіледі.

Осы атаулы күнге орай мектебімізде 1–4 сынып оқушылары арасында «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Көрмеге бастауыш сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, өз қиялдарындағы ғарыш әлемін қағаз бетіне түсірді. Оқушылардың жұмыстарында ғарышкерлер, зымырандар, ғаламшарлар, жұлдыздар мен галактикалар кеңінен бейнеленді. Әсіресе, балалардың түрлі-түсті бояуларды үйлесімді қолдануы мен ерекше идеялары көрменің мазмұнын байыта түсті.
Записаться на прием